9.08.2017, 16:46
Оқылды: 20

БҚО-да суға кеткен екі баланың денесі табылды

БҚО ТЖД Ақжайық ауданы №6 жедел құтқару жасағы бөлімінің басшысы Марат Қабақаевтың айтуынша, суға кеткен марқұмдардың денесі табылды.


Қазталов ауданы аумағында, Сарыөзенде суға кеткен ұлдың мүрдесі таңертең сағат 8-ден кете табылды. «2001 жылғы марқұм мал бағып жүрген. Жүзу білмейді екен, марқұм өзенге керілген жіптен ұстап өтер кезде сол жіп үзіліп кеткен»,-дейді М.Қабақаев.

Ал Ақжайық ауданы Чапаев тұсында 7 тамызда Жайыққа суға кеткен 1999 жылғы жігіттің мүрдесі бүгін суға түскен жерінен 600 метрдей қашықтықтан табылды.

Болат ЕСЕН

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале