17.01.2019, 16:19
Оқылды: 48

БҚО-да ветсанитариялық 156 заң бұзушылық анықталған

Бәйтерек ауданында ветеринария саласы мамандарының қатысуымен оқыту семинары өтті.

 вет 2

Жиынға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадалағау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Шолпан Қайырмұқанова, аталмыш комитеттің БҚО аумақтық инспекциясының Тамақ өнімдері қауіпсіздігі және орны ауыстырылатын объектілер бөлімінің басшысы Ғалымжан Шакенов, БҚО аумақтық инспекциясының кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гаухар Дәулетқалиева, БҚО аумақтық инспекциясының биологиялық кауіпсіздік бөлімінің басшысы Аязбек Хабиев қатысып, сала мамандары алдында хабарлама жасап, түйткілді мәселелерді ортаға салды.

- 2002 жыл 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» заңнаманы басшылықа ала отырып, 2018 жылы 209 тексеріс жүргізіліп, 99 нұсқама берілді. Соның 62-сі жергілікті атқарушы органдарға берілген.

         Ветеринариялық-санитариялық іс шаралардың орындалу барысында 156 заң бұзушылық анықталып, 5 170 751 теңге көлемінде айыппұл салынды. Өндірілгені 4 395 138 теңге, - деді Ғалымжан Шакенов.

Ал аудандағы ветеринария саласындағы жұмыстарды баяндаған аудандық инспекция басшысы Жұмабек Уталимов:

- Аудан бойынша ветеринариялық-профилактикалық шаралар аудан әкімінің орынбасарымен бекітілген жоспары бойынша атқарылып, 100 пайыз орындалды. Ауданда ветеринариялық шара 8 аса қауіпті ауру – құтыру, пастереллез, сібір жарасы, листериоз, лептоспироз, брадзот, шешек, оба, қарасанға қарсы тексеру жүргізілді,- деді инспекция басшысы.

вет 1

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале