2.05.2018, 10:43
Оқылды: 43

БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды

Бүгін түнде Орал-Атырау күрежолының 305-шақырымында жол апаты тіркелді.

Атырауға бет алған «Икарус» автобусы мен оған қарсы келе жатқан «МАН» жүк көлігі Ақжайық ауданының Ақжол ауылдық округі тұсында бетпе-бет соқтығысқан. Екі көліктің де жүргізушісі де оқиға орнында көз жұмды. Олар Өзбекстанның азаматтары екен.

- Автобустағы екінші жүргізуші, Жамбыл облысының тұрғыны, сүйек сынықтарымен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді,- дейді трассалық-медициналық құтқару бекетінің фельдшері Нұрсейіт Амантайұлы.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале