17.08.2017, 11:32
Оқылды: 25

БҚО-дағы дүкенде арақ сатылмайды

Теректі ауданы Покатилов ауылында тұсаукесер рәсімі өткен «Бинош» дүкені «Арақ сатпаймыз» деп отыр.


Бауырлас Қырғызстанда бірнеше ауыл түбегейлі арақтан бас тартыпты. Қазақстанда осыдан 12 жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының Теңдік деген ауылы спирттік ішімдіктен арылған екен. Киелі Маңғыстауда да «ащы судан» арылуды үндеп отырған ауыл бар. Көңіл қуантар әңгіме.

Осындай тамаша бастаманы қостаған С.Бақтығалиеваның «Биношының» ашылу құрметіне арнайы келген аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Ихсанов бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндірді.

Дүкен иесі Сәуле Бақтығалиеваның айтуынша, осы дүкенді ашуға екі жыл жиналыпты. Өз қаржысын жинақтаған Бақтығалиевтар отбасы шағын ғимарат салып, күнделікті тұтыну тауарларын – нан, сүт, шайдан бастап, көкөніс, жуғыш құралдарды сөреге толтырып қойыпты. Ал адам аздырар араққа – орын жоқ! Міне, саналы азаматтардың ісі. Құптаймыз. Енді, осы бастамаға басқа да кәсіпкерлер қосылса, аз-аздап «арақ» деген пәледен құтылар едік.

Камелия ӨТЕУ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале