16.08.2017, 13:54
Оқылды: 19

БҚО-дағы Оразғали ауылында аз қамтылған отбасы жоқ

Қазталов ауданы Сарыөзеннің жағасында орналасқан Көктерек ауылдық округіне қарасты Оразғали елді мекенінің тұрғындары ата кәсіпті түлетіп отыр.


Елді мекенде 150-ге жуық тұрғын бар. Соның 60-сы 18-ге дейінгі балалар. Бастауыш сыныпта 13 оқушы болса, шағын орталықта 15 бала, ал мектепке дейінгі тәрбие алып жатқан 7 бала бар. Яғни бұнда демография көтеріліп келеді.

Сонымен қатар елді мекенде 5 әлеуметтік нысан тұрақты жұмыс жасауда. Көзіміз көріп жүргендей, көп жерлерде қалаға қарай үдіре көшіп, ата қоныстағы үйін тапауға айналдырып, ақыр соңында әлгі қалаға көшіп барған ағайындарымыз қала көшесінде, базарда бос сенделіп жүргендерін білеміз. Міне, сондайлар оразғалилықтардан үлгі алса екен.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале