9.04.2018, 12:49
Оқылды: 76

БҚО-дағы су жырған бөгетті мердігер қалпына келтіреді (ФОТО)

Зеленов ауданының орталығы Переметный ауылындағы дамбаны су жырып кетті. 

Бұл бөгет 5 миллион текше метр суды сақтау үшін салынған. Жиналған су егістікті жазғы маусымда суландыру үшін пайдаланылған. Нысанға 2017 жылдың жаз-күз мезгілінде 70 млн. теңгеге күрделі жөндеу жасалған.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов бөгетті мердігер есебінен жөндетуге және жобалаушыны жауапкершілікке тарту жөнінде тапсырма бергенін, жағдай қадағалауда болатынын облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құрылысқа әлі кепілдік мерзімі бар.

Бөгетті деңгейі көтерілген қар суы жексенбі күні түске дейін жырып кеткен. Аудан әкімдігі қажетті су көлемін сақтап қалатындарын жеткізді.

Нұрлыбек Рахманов,

сурет Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

damba (10) damba (12) damba (13) damba (14) damba (15) damba (1) damba (2) damba (3) damba (5) damba (6) damba (8) damba (9)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале