19.06.2018, 15:17
Оқылды: 48

БҚО-дан табылған ихтиозаврдың жер астында қалған жартысы қазылып алынды (ФОТО)

2016 жылы Зеленов ауданының жас туристер стансасының педогогі Ольга Суботина мен «Жас геолог» үйірмесінің мүшелері ауданның Краснов округіне қарасты Щучкин ауылы маңынан осыдан 150-160 миллион жыл бұрын өмір сүрген ихтиозаврдың сүйектерін тапқан болатын.

Жас туристердің күшімен ежелгі балықтың біраз бөлігі қазылып, зерттелген болтатын. Ұзындығы шамамен 5-6 метр болатын ихтиозаврдың жер астында қалған бөлігі жуырда қазылып алынды. 5 күн бойы геология және минерология ғылымдарының кандидаты В.Ефимов бастаған топ Щучкин ауылы маңында қазба жұмыстарын жүргізді. Экспедиция құрамында Қазақстан Республикасының құрметті геологы Г.Якименко, география ғылымдарының кандидаты С.Рамазанов, облыстық БЖТжЭО – ЮНЕСКО клубының экология бөлімінің меңгерушісі Н.Ғатауов және Зеленов аудандық жас туристер стансасының «Жас геолог» үйірмесінің оқушылары және қосымша білім беру педагогтары О. Субботина, А.Бекешев  болды.

Жер астына жасырылған ежелгі балықтың қалдығын қазған геологтарға «Асан» шаруа қожалығының басшысы Бейбіт Асанов та техникамен көмек көрсетті. Бүгінгі таңда толығымен алынған ихтиозаврдың сүйектері Ресейдің Ульянов облысындағы Ундоры қаласына жөнелтілді. Ол жерде толық зерттелген соң елімізге қайтарылатын болады. Ал бұған дейін қазылып алынған ихтиозаврдың сүйектері елімізде.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

IMG-20180619-WA0025

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале