10.10.2017, 18:03
Оқылды: 27

БҚО тарихи-өлкетану музейі Жаңақалада көрме өткізді

Жаңақала ауданында облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ұлы дала құндылықтары» атты көрмесі өтті.

Көрменің басты мақсаты - еліміздің батыс аумағынан табылған археологиялық құндылықтармен аудан жұртшылығын таныстыру, ата-бабамыздан қалған дәстүрлі өнерді насихаттау.

Облыстық өлкетану музейінің экскурсоводы Мөлдір Саттарқызы көрмеге келген тұрғындарға көнеден жеткен зергерлік әшекей бұйымдарды, Тақсай обасынан табылған Сармат ханшайымы және белгілі қылқалам шебері Сәкен Ғұмаровтың туындыларымен таныстырды. Көрмеде С.Ғұмаровтың туындылары тұрғындарды ерекше тәнті етті.

Айзада ТҰРМҰХАШЕВА

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале