23.02.2019, 21:41
Оқылды: 30

БҚО тұрғыны 12 сағатта 110 шақырымды жүгіріп өтті

25 жастағы қазталовтық Баубек Ілиясов қаңтар айында 60 шақырымдық марафонды бағындырып еді.

IMG_7581

Енді бүгін Баубек өзінің рекордын жаңартты. Яғни,12 сағатта 110 шақырымды жүгіріп өтті. Марафоншы жігітті шаршап тұрса да әңгімеге тарттық. - Мен алдыма мақсат қойдым. Бүгін сол мақсатымның бірі орындалды. Таңғы бес жарымда 14 градус аязда Сарықұдық ауылынан Қазталовты бет алып, желге қарсы жүгіре бастадым. Әрине, оңай болмады. Десе де мақсат еткен соң орындау қажет, - деп әңгімесін қысқа қайырды. Ауылдастары Баубекті құрметпен қарсы алды.

Гүлнұр Қазбек

Қазталов ауданы

IMG-20190223-WA0085

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале