3.05.2018, 17:35
Оқылды: 21

БҚО тұрғыны 15 күннен бері іздестірілуде

18 сәуір күні Қазталов ауданына қарасты Ақпәтер ауылының 34 жасар тұрғыны жоғалып кеткен,-деп хабарлайды Жалпақтал полиция бөлімі.

Жалпақтал полиция бөлімінің криминалдық полиция тобының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Асан Мұстағатовтың айтуы бойынша, Дамир Сатыбалдиев 18 сәуір күні сағат 17-00 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған. Көрген білгендер, қандай да бір ақпарат болса БҚО ІІД ЖБО 8(7112) 51-04-50, 92-10-26 немесе 102 нөміріне әлде Жалпақтал полиция бөлімінің кезекшілігіне 8(71138)21-150, 21-490 нөміріне хабарласуын сұрайды. Дамир Сатыбалдиевтың бойы 165-170 см, арықша келген, шашы қысқа, қара. Үстінде сұр түсті күрте киіп шыққан. Сұр трико мен қоңыр түсті сүйретпе болуы мүмкін.

Қазіргі күні іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Аман ЕСЕН

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале