23.01.2020, 10:57
Оқылды: 613

БҚО тұрғыны киік мүйізімен ұсталды

Бұл туралы Казталов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Бисенов хабарлады.

20151119080220

Оның айтуынша, 21 қаңтар күні Казталов аудандық полиция бөліміне киік мүйіздерін заңсыз жинап жүрген аудан тұрғыны туралы жедел ақпарат түсіп, ҚР ҚК-ның 339 бабы 1-1 тармағына сәйкес Тереңкөл ауылдық округінің К. есімді тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тексеріс басталған.

Полиция бөлімінің жедел тергеулік топ құрамы аталған К.-ның Тереңкөл ауылдық округіндегі үйіне тінту жүргізген. Нәтижесінде үйінде заңсыз сақтаған 9 дана киіктің мүйізі табылды.

Мемлекетке келтірілген шығын анықталуда.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале