13.09.2018, 14:05
Оқылды: 43

Бөкей ордасында балалар сынға түсті

«Ер Төстік» бөбекжайында өткен «Бала тілі – бал» аудандық байқауына 4 пен 6 жас аралығындағы 22 үміткер қатысты.

р-0478 (4)

Байқауға балабақша, шағын орталық пен орта мектеп бүлдіршіндері төрт кезеңде тартысты. Олар патриоттық рухтағы тақпақтарын тақылдарып, әндерін шырқап, тақырыпқа сай жаңылтпаштар мен мақалдар айтып берді. Сурет бойынша әңгіме де құрастыруға талпынды.

Қорытындысында З.Жиенәлиев атындағы бастауыш мектеп оқушысы Зәмзәм Ертай бас жүлдеге ие болып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. «Ер Төстік» бөбекжайының тәрбиеленушісі Инабат Бисекенова І орын, Қ.Сағырбаев атындағы орта мектеп-балабақша оқушысы Бейбарыс Ерсайын ІІ, Жәңгір хан атындағы орта мектептің оқушысы Денис Федориди ІІІ жүлдені иеленді.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ,

Бөкей ордасы ауданы

р-0478 (6) - копия

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале