30.04.2020, 17:39
Оқылды: 110

Бөкей ордада "Қаһарман аудан" ескерткіші орнатылмақ

  Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов "Қару аманаты" саябағына барып, "Қаһарман аудан" ескерткішін орнату жұмыстарымен танысып өтті.

7E7621AB-CAC5-4C96-906B-A6A76CD359F2

– Бұл ескерткіш ұрпаққа мұра ерліктің көрінісі. Бұйыртса, ескерткіш ауданымыздың Ұлы Жеңісте үлкен үлесі барын айғақтап тұратын болады,-деді аудан басшысы.

Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарының Сталинград майданының ең жақын тылы болғаны, соғыс сарқыншақтары біздің де сайын далада қалғаны ешкімге таңсық емес. Әлі күнге белгісіз жауынгерлердің сүйектері мен жарылмаған снарядтардың табылуы заңды да. Қос ауданға «Жауынгер аудан» мәртебесін беруді жергілікті атқарушы орган да, аудандық мәслихаттар да бір кісідей көтеріп, депутаттар назарына да ұсынғаны бар. Жергілікті әкімдіктің қаһармандықты айшықтайтын ескерткіш орнату туралы ұсынысы облыс әкімі тарапынан қолдау тапты.

8EFD6E67-BBEC-4391-833D-C61CF7FC0F5A

Ескерткіш орнату жұмысына қарастырылған қаржы 6,0 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар аудан әкімі су мұнарасын қалпына келтіру жұмыстарымен де танысып өтті.

Жөндеу жұмыстарына 800 мың теңгеге жуық ақшалай қолдау көрсетілген су мұнарасы да ауданымыз үшін тарихы маңызы бар екені анық.

Соны ескере отыра, бұл ғимарат айналасында ашық аспан астындағы мұражай және кішігірім саябақ орналаспақ.

Еріктілер тобы көне мұнараның төңірегін тазартып, жаңғырту жұмыстарын бастап та жіберді.

Еркебұлан Бисенғалиев

 Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале