3.04.2020, 1:08
Оқылды: 76

Бөкей ордасы ауданы әкімі нысандар тірлігімен танысты

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов бірнеше құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс басына барды.    

6EAB2319-35AE-46CF-AB2A-863998950C57

Сонымен бірге  "Атырау жолдары" ЖШС-інің атқарылған жұмыстарымен де таныстыАталмыш ЖШС қызметкері Дайрабай Елдісбаев:

- Елдегі төтенше жағдайға байланысты қиыншылықтар туындап отыр. Жол құрылысының басты мамандары Атырау қаласынан шыға алмай жатыр. Оған қоса керекті көлік және құрал-жабдықтарымыз да сол Атырау жақта тоқтап тұр, - дейді.

0D8B77D9-735B-44FF-BEF6-D176B7869506

Аудан басшысының жұмыс сапары мұнымен шектелмеді. Төтенше жағдайға байланысты орнатылған бақылау-өткізу пункттерінің жұмыстарымен де танысты. Жалпы  бақылау-өткізу пункттері Орал-Сайқын және Сайқын-Шоңай жолдарында орнатылған еді.

 Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Жангелді Салауатовтың айтуынша,  Сайқын ауылына келіп-кетушілер өз ауданымыздың тұрғындары. Облыс орталығынан немесе көршілес Ресей елінен келген азаматтар тіркелмеген.

Еркебұлан Рахметолла

Бөкей ордасы ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале