27.01.2020, 17:50
Оқылды: 44

Қаратөбе ауданында еріктілер форумы өтті

«Еріктілер жылы» аясында Қаратөбе ауданы орталығының  мектеп-гимназисында тәрбие орталығының ұйымдастыруымен «Ерікті жас – ел ертеңі»  еріктілер форумының ашылу салтанаты өтті.

      erikti jastar1 karatobe

Шараға «Мұхит жастары» ЖҚБ төрайымы Айгөлек Әділханқызы, мектеп директоры Мираш Спортқызы қатысып, жастарға сәттілік тілесті. Форум барысында оқушылар арасынан «Гимназия қамқоры» еріктілер ұйымы құрылып,  тұсауы кесілді. Мұндағы  мақсат -  топ құрып жұмыстану, оқушылардың жан-жақты қырларын ашу. Мектеп гимназия волонтёрлары өз ойларын үш тілде жеткізіп, барша жас өрендерді ерікті болуға шақырды.

erikti jastar karatobe

«Мұхит жастары» ЖҚБ төрайымы А.Әділханқызы еріктілеріміздің батыл бастамасын қолдап, алдағы уақытта атқарылар игі шараларды бірлесе атқаруға шақырды.

 

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале