27.01.2020, 18:13
Оқылды: 42

Бөкей ордасы ауданында «Техносила» дүкені ашылды

Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында тұрмыстық техниканың сан алуан түрі мен үй жиҺаздары сатылатын «ТехноСила» дүкені тұтынушыларға есігін айқара ашты.

orda (4)

«ТехноСила» дүкендер желісінің Орал қаласындағы өкілдері Қамбар Тұрланов пен Бахтияр Дәрібаевтар ауылға арнайы келіп, салтанатты лента кесу рәсіміне қатысты. Жаңа нысанның ашылу салтанатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова, аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ерлан Нұркеновтер сөз алып, аталмыш дүкеннің ашылуы тұрғындар үшін қуантарлық жағдай екенін, сондай-ақ қажетті заттарын облысқа қатынамай-ақ тиімді бағамен жергілікті жерде де сатып алуға мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.

orda (3)

Тұрғындар смартфон, теледидар, т.б тұрмыстық техника мен аксессуарлар, жиҺаздарды «Еуразиялық банк», «Альфа-банк», «Хоум Кредит» екінші деңгейлі банктері арқылы несиеге рәсімдей алады.

orda (2)

«ТехноСила» дүкенінің өкілі Қамбар Тұрлановтың айтуынша  дүкен менеджері, консультант-кеңесшілері тағылымдамадан өтуде. Тұрақты 4 жұмыс орны қарастырылған. Дәл осындай дүкен Жаңақала, Тасқала аудандарында да өз қызметін көрсетуде.

orda (6)

Арайлым Есмағұл

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале