28.08.2017, 15:40
Оқылды: 74

Бөкей Ордасы ауданының әкімі есеп берді

Bokei orda akim esep berdi  Бөкей Ордасы ауданында мәслихаттың кезектен тыс ХІ сессиясын сессия төрағасы Нағим Тәжімұратов ашып, оған аудан әкімі Р.С.Рахымжанов, мәслихат депутаттары, әкім аппаратының жауапты қызметкерлері, ауыл әкімдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, мекеме, бөлім басшылары қатысты.


  Сессияда негізінен бір-ақ мәселе – ағымдағы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың есебі тыңдалды.

  Қос депутат ордалық Ғайса Махимов пен сайқындық Гүлнар Мұқанова күн тәртібіне орай сөз алып, бірлесе атқарған істе береке болатындығын алға тартып, әкім қызметіне оң бағаларын берді. Сөз арасында Ғайса Темірболатұлы Сейтқали елді мекеніндегі мектеп пен кітапхана ғимаратының айналасы қоршалса деген ойын да жеткізді.

  Сессия осымен өз жұмысын аяқтады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале