29.11.2018, 15:59
Оқылды: 36

Бөкей ордасында 21 қожалық асыл тұқымды мал өсіруде

Жан басына шаққанда мал саны жөнінен облыста Бөкей ордасы ауданы алдыңғы қатарда. Ірі қараның 80,4, қой-ешкінің 70,3, жылқының 83,2, түйенің 89,1 пайызы шаруа қожалықтарының меншігінде.

angus

Мал тұқымын асылдандыру жолға қойылып келеді. Қазақтың ақ бас тұқымды сиырын өсірумен айналысатын 21 қожалықтың екеуі («Береке», «Курорт») абердин-ангус тұқымын өсіріп көрмекке бет бұрды. Қазіргі таңда аудандағы асыл тұқымды мал саны ірі қара 4 715, жылқы (көшім, жабы) 790, түйе (айыр өркешті бактериан) 250 басқа жетті.

К.ҒАЙСИН

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале