29.11.2018, 16:04
Оқылды: 28

Бөкей ордасында 81 қыстақ жел генераторлары мен күн батареяларын пайдалануда

Бөкей ордасында мал қыстайтын 515 орынның 316-сы құмды жерде. 226-на электр желісі тартылған болса, 81-і жел генераторлары мен күн батареяларын пайдаланып отыр. Биыл 49 күн батареясы орнатылды.

jel

«Береке» шаруа қожалығына (жетекшісі Еркін Жабасов) қарасты 6 қыстақтың біреуіне ғана ГЭС барып тұр. Қалған бесеуінде күн батареясы. Сондай-ақ оларда бақташылар үшін баспана, монша тұрғызылып, барынша жағдай жасалған. Қажетті техника, құрал-жабдықтармен қамтылған. Мал бағуды «электронды бақташыға» жүктеу, малға электронды сырға салып, есепті тиянақты жүргізу қолға алынды. Дронды Т.Масин ауылдық округіндегі «Алға, қазақ!» шаруа қожалығы жетекшісі Тілекжан Мамаев қолға алса, ханордалық жеке кәсіпкер Саян Баетовтың электронды сырға жобасы облыстағы тың жоба деп бағаланып, «Даму» қорының грантын иеленді.

К.ҒАЙСИН

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале