16.01.2020, 17:16
Оқылды: 41

Бөкей ордасында әкімшілік істің 62% тараптардың татуласуымен шешілген

Бөкей ордасы аудандық сотында өткен жылды түйіндеген, заңнамадағы өзгерістерге түсінік берген шара өтті. Аудандық сот төрағасы Гүлжиһан Сағитова жыл қорытындысы бойынша хабарлама жасады.

orda sot

Сот төрелігінің сапасы қағидатын басшылыққа алған аудандық сот 2019 жылы 39 қылмыстық, 111 азаматтық, 255 әкімшілік іс қараған.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда іс саны айтарлықтай азайған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылы қаралған қылмыстық іс саны 51 болса, былтыр 39 іс қаралған, 2018-де 126 азаматтық іс қаралса, былтырғы көрсеткіш – 111. Отбасылық даудың да саны қысқарған. Биыл 19 іс қозғалып, 16-сы қаралған, жетеуі медиаторлар көмегімен мәмілеге келген, тоғызы ажырасып тынған.

Ең көп қаралған іс қарыз өндіру ісі екен. Таратып айтқанда, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы, ауыл шаруашылығын қолдау қорының даулары жиі қаралған.

Көбейіп отырған қылмыстың қатарын жала жабу, қадір-қасиетін қорлау және бөтен мүлкін жасырын ұрлау қылмыстары құрайды.

Медиация жолымен келісімге келіп, бітіммен аяқталған іс саны көңіл қуантады. Азаматтық істің 49,1%, қылмыстық істің 56,7%, әкімшілік істің 62%-ы тараптардың татуласуымен шешілген.

Шара барысында сот саласындағы, заңнама енгізілген өзгерістер бойынша түсінік берілді.

Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале