25.07.2017, 15:33
Оқылды: 30

Бөкей Ордасында дала өрті жиіледі

 Bokei dala orti   Бөкей Ордасы ауданында бір айдың ішінде он шақты дала өрті орын алды. Бұл жайында аудандық төтенше жағдай бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бахтияр Катчеков мәлімдеді.


         – 19 маусым күні Орда ауылдық округінде дала өрті болып, 5 қыстақтың 132 гектар жері жанып кетті. Кешке таман будақтаған түтінді көзі шалған шарушылық иесі Асан Кенжеғалиев дереу орманшыларға телефон шалады. Өрт сөндірушілерге округтегі ерікті өртке қарсы құрам (ЕӨҚҚ) тобы да қосылып, әупірімдеп жүріп сөндіреді, - дейді Бахтияр Бауыржанұлы.

       Арада екі күн өткенде Сайқын ауылдық округінің «Қызылжар», «Жамантау» жағынан тұтанған от мұнда да 5 қыстақтың төңірегінен 235 гектарды шарпыған.

      Саралжын ауылдық округінде 6-7 шілдеде үлкен өрт болып, Құрманкөл қыстағында қорада тұрған 25 ешкі тірідей жанып кеткен. Молжыра, Лайкөл, Шүкір, Бозкөлмек, Қызылой, Керебай, Бескөл, Мұстахи қыстақтарындағы шабындыққа да орасан зор залал келді. Саралжындықтардың ұйымшылдықтары, бірлесе қимылдаулары нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды.

      Сондай-ақ Сайқын ауылдық округінде 8 шілдеде 263 гектар, 13-інде 358 гектар, 17-18 шілдеде 430 гектар, ал, 19-ында 362 гектар жайылымдық-шабындық жер күлге айналған. 13 шілдеде Ұялы ауылдық округіндегі өрт 4 қыстақтың 155 гектар жерін жалмаса, 15-16 шілдедегі өрт Т.Масин, Ұялы, Орда ауылдық округтерінің құм өңіріндегі 23 қыстақтың маңын, мыңнан астам гектар жердің шөбін жалмап кеткен.

Каримолла ҒАЙСИН

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале