5.01.2021, 9:39
Оқылды: 73

Бөкей ордасында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді

Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғындарға есігін айқара ашты.

20210104060227_IMG_6493

Заманауи нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, салтанатты түрде лентасын қиды.

фок2

Құны 428 миллион 531 мың теңге тұратын заманауи спорт ғимараты  1274.1 мың шаршы метр алаңда орналасқан. Құрылысқа тапсырыс беруші «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг БиВи» компаниясы болса, жауапты мердігер «Наурыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

фок1

160 адамға арналған ғимаратта күрес, бокс, баскетбол және волейбол, үстел теннисі секілді үйірмелер жұмыс жасайды.

Айта кетелік, шара барысында "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг БиВи» компаниясының өкілі Ержан Әубәкіров пен «Наурыз» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің басшысына аудан жұртшылығы атынан алғыс хат ұсынылды.

фок4

фок7

фок8

 Арайлым Есмағұл,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале