1.02.2018, 12:25
Оқылды: 33

Бөкей ордасында екі ауылға ауыз су тасымалданады

Бөкей ордасы ауданындағы 22 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған сумен қамтылған. Жеті елді мекеннің тұрғындары өз құдықтарындағы суды пайдаланса, Қарасу мен Үштерекке су тасымалданады. Жалпы аудан халқының 77 пайызы ауыз сумен қамтылған.

- Бөрлі, Көктерек, Жамбыл және Сайқын ауылдарының су құбыры құрылысы аяқталды.  Жәрмеңке, Әжен, Қарасу, Кеңой елді мекендеріне су құбырын тарту құрылысына құжат дайындалып, сараптамадан өтуде. Тайғара, Үштерек, Шоңай елді мекендерінің сметалық құжаттары аяқталу қарсаңында. Бұл жұмыстарды аяқтаған соң, тұрғындардың сумен қамтылу деңгейі 99 пайызға жетеді,-дейді аудан әкімі Н.Рахымжанов халық алдындағы есебінде.

zhaikpress.kz

Сурет авторы Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале