26.10.2018, 17:16
Оқылды: 20

Бөкей ордасында емле ережесі талқыланды

Филология ғылымдарының кандидаттары Құспан Аронов пен Асан Қайыров, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Гүлнәр Әлжановалар Бөкей ордасы ауданы жұртшылығымен кездесу өткізді.

емле

Кездесуге қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген жаңа алфавитке көшіру мәселесі, қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасы арқау болды.

– Әліпби ауыстыру саясаттың ойыны сияқты боп кетті. Қазақ тілінің әліпбиі бірнеше өзгерістен өтті. Латын графикасына көшу мәселесі 1990 жылдардың басында-ақ қозғалған болатын. Бүгінгі таңда әлемде 900-ге жуық тіл бар десек, сол тілдің 80 пайызы латын қарпіне көшкен, ал ТМД-ның бес мемлекетінен басқасы Кеңес Одағы ыдырасымен латын графикасына көшіп алды. Әліпби ауыстыру бейқамдықты көтермейді. Талқыға салынып жатқан мәселеге үн қосайық. Мемлекеттік тіл үстем құрмаған мемлекеттің мерейі үстем болмайды. Әсіресе, желдің өтінде, жердің шетінде отырған шекарадағы аудан-ауыл жұртшылығының рухы ояу болу керек, - деп сөз алған филолог Құспан Ғұмарұлы латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшудің қажеттілігіне тоқталды.

Ал тілші-ғалым Асан Қайыров емле ережелері, дифтонг дыбыстардың таңбалануы, кірме дыбыстар мен апостроф «әлегі» туралы түсіндіріп берді.

Жиынға қатысқан жастар белсенділік танытып, сауалдарын жолдап, пікір білдірді.

 

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале