19.09.2018, 17:12
Оқылды: 109

Бөкей ордасында Ғайсағали оқулары өтті

Бөкей ордасында ақын Ғайсағали Сейтақтың 60 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.

р-0481 (2)

14 пен 25 жас аралығындағы жастар бақ сынаған бұл байқауда ақынның «Егер Бөкей көшпесе...», «Нарынның нар ұлдары», «Нарын», «Орданың бір тал жусаны» сынды туындылары бірнеше рет жатқа айтылды. Сонымен қатар байқау ережесіне сай қатысушылар мемлекеттік тіл тақырыбында өз шығармаларын да орындады. Өз елінде өгейсініп жүрген қазақ тілін қадірлеуді өзінен бастауға шақырған ордалық Ақнұр Мұқитова осы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Ғайсағали Самиғоллаұлының өлеңдерін мүдірмей оқып берген сайқындық Бөкей ордасы колледжі студенті Айкөркем Мақашева І орын алса, жүлделі ІІ, ІІІ орындарға мұратсайлық Гүлнұр Айбекқызы мен бисендік Ақылбек Дудин ие болды.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ,

Бөкей ордасы ауданы

р-0481 (1) р-0481 (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале