2.11.2018, 14:56
Оқылды: 43

Бөкей ордасында қазақ күресінен облыстық турнир өтуде

Бөкей ордасында ҚР Құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы Жұбаныш Садырұлы Жәрдемовтің жүлдесі үшін қазақ күресінен 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтуде.

спорт (1)

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева мен ҚР құрметті спорт қайраткері, БЖСМ директоры Дмитрий Семилиди қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тоғыз салмақ дәрежесі бойынша Орал қаласы мен Ақжайық, Жәнібек, Сырым, Қазталов және Бөкей ордасы ауданы командаларының палуандары боз кілемде белдесулерін бастап кетті.

Айта кетелік, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан турнирге БҚО қазақ күресі федерациясының вице президенті, жаттықтырушы Артур Шерғалиев пен осы турнирдің бас хатшысы, қазақ күресінен спорт шебері Ержан Шүкіров төрелік етуде.

спорт (4)

Айша ҚҰРМАШ,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале