2.02.2017, 18:52
Оқылды: 43

Бөкей ордасында мал саны артқан

Bokei 01  Бүгін Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов аудан тұрғындары алдындағы есеп берді. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық сот төрағасы Бек Әметов және облыстық, аудандық сала басшылары мен ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.


  Аудан әкімінің  мәліметінше, аудан бюджеті 2016 жылы 3 млрд. 32 млн. теңгені құрап, шығыс бөлігі 100 пайызға орындалған. Негізгі кәсібі мал шаруашылығы саналатын Бөкей ордасында соңғы бір жылда мал басы өскен. Кәсіпкерлік те өрістеп, бүгінде 910 шағын кәсіпкерлік объектісінде 1 632 адам еңбек етуде. Жыл ішінде олар 5 млрд. 410 мың теңгені өнімін өндірген. Бұл былтырғыдан 48 пайыз жоғары. Ал бюджетке 15 млн. 547 мың теңге салық түскен.

Bokei 02  Аудан әкімі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын да назардан тыс қалдырмай, тұрғындарды ауыз сумен қамту, газдандыру, жол, құрылыс, коммуналдық қызмет, абаттандыру, қоғамдық тәртіп мәселелерін егжей-тегжейлі сөз етті.

  Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Кәрімұлы сөз алып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қысқаша шолу жасай келіп бөкейордалықтар алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталды. Тұрғындардың кейбір сауалдарына нақты да тұщымды жауаптар берді.

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале