4.10.2017, 11:15
Оқылды: 40

Бөкей Ордасында Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына арналған шаралар өтті

Қан майданда Отан үшін от кешкен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 95 жылдық  мерейтойы қарсаңында М.Мәметова атындағы орта мектепте «Ұлы даланың Батыр қызы» атты концерттік шара өтті.

Мектеп ансамблі орындаған «Әке толғауы» күйі көрерменнің жүрегінен жол тапты. Шақырылған қонақтар көтеріңкі көңілмен алтын ұя шәкірттерінің өнеріне сүйсініп тарасты.

Ал Сайқын ауылында волейболдан аудандық турнир оздырылды. Оған 6 команда қатысты.

Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі, турнирдің бас төрешісі Н.Бисекенов ойын кестесімен таныстырып, екіге бөлінген командалар жарысты бастап кетті. Тартысты өткен ойындар нәтижесінде аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі волейболшылары ауыспалы кубокке қол жеткізді. Одан кейінгі орындарды тиісінше Т.Масин атындағы орта мектеп, Бөкей орда колледжі, М.Мәметова атындағы орта мектеп командалары еншіледі. Бәріне де медальдар мен грамоталар табысталды. Ал, жекелеген спортшылардан Нұрлыбек Бисенбаев «Үздік ойыншы», Қуанғали Жанғуатұлы «Үздік қорғаушы», Қанат Кәрімов «Үздік шабуылшы» аталымдарын иеленді.

Әділет ӘБДІРОВ

Нұрболат ИСАҒАЛИҰЛЫ

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале