24.10.2018, 12:48
Оқылды: 52

Бөкей ордасында «Нұр Отанның» демеуімен 9 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа тұрды

«Нұр Отан» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының Сайқын бастауыш партия ұйымының есеп беру, сайлау жиналысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары Р.Зұлқашев пен Л.Қайырғалиева, аудандық мәслихат депутаттары, партия мүшелері мен белсенділері, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.

 orda (2)

Күн тәртібіне қойылған бес мәселенің алғашқысы бойынша Сайқын бастауыш партия ұйымының 2017-2018 жылдары атқарған жұмысы туралы аталмыш партия ұйымының төрағасы Мейрамбек Аққалиев есеп берді. Оның айтуынша, Сайқын бастауыш партия ұйымының 231 мүшесінің 27-сі – зейнеткер, 1-еуі – мүмкіндігі шектеулі. Есепті мерзімде партия ұйымының демеуімен 9 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа тартылған. Мүгедектердің қоғамдық орындар мен мекемелер ғимаратына кедергісіз кіруін қамту үшін жоспарланған 4 пандустың 1-еуі орнатылып, 3-еуінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жарыссөзде аудандық мәслихат депутаттары Самат Оңаев пен Бибігүл Бектелеуова Сайқын бастауыш партия ұйымы төрағасының жұмысына оң баға берді. Жиында Сайқын бастауыш партия ұйымына қайта сайланатын бюро мүшелерінің құрамы қатысушылар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты және аудандық партия конференциясына қатысатын делегаттар тізімі мақұлданды. Соңында қаулы қабылданды.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале