17.10.2018, 10:26
Оқылды: 202

Бөкей ордасында ReadX шарасы өтті

Бөкей ордасы ауданы М.Бабажанов атындағы мектеп кітапханасында ReadX форматында шара өтті.

IMG_6448

Мектеп директоры Жұбан Ғұмаровтың ұйымдастырған оқырмандар алаңына мектеп мұғалімдері, оқушылар мен шақырулы қонақтар қатысты.      Кітап әлеміне шақырған мектептің физика пәні мұғалімі Арайлым Ишанғалиева Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың күнделік түрінде жазған «Шуақты күндер» туындысының тәрбиелік мәнін әңгімелесе, «Орда жұлдызы» аудандық газетінің тілшісі Раушан Бақытова жерлес жазушы, журналист Мира Шүйіншәлиеваның «Үш төмпешік» әңгімесін насихаттады. Фантастикалық бағытта көптеген кітаптады оқыған мектеп оқушысы Елназ Таңатова қыз тәрбиесіне мән беріп, сонымен қатар жасөспірім шақтағы әлеуметтік қиындықтарды жеңу жолдарын ұсынатын балалар жазушысы Жаклин Уилсонның «Трейси Беккер», «Лола-Роза» шығармаларын оқуға кеңес берді. Өз кезегінде қазақ тілі пәні мұғалімі Бұлбұл Құбаева кеңес заманындағы тоталитарлық режимнің салқынын сезген Аяған Қуатовтың өмір жолын суреттеген Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» трагедиясының сюжетіне тоқталып, кішкентай оқырмандарға Бердібек Соқпақбаевтің «Балалық шаққа саяхат» прозасымен танысуға шақырды. Ал, Жұбан Орынғалиұлы болса, Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасының желісі негізінде балаларды барды қанағат тұтуға, жақсылыққа адал жолмен жетуге үндеді.

Кітап тілсіз мұғалім екенін айтқан ұйымдастырушылар қатысушыларды оны жиі да оқуға шақырды.

Раушан АППАҚОВА,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале