4.01.2021, 11:20
Оқылды: 59

Бөкей ордасында тұрғын үй пайдалануға берілді

Өткен жылы желтоқсанның 31-інде Бөкей ордасына қарасты Хан ордасы ауылында екі пәтерлі қос үй пайдалануға берілді.

құр1

Жаңа үй бұрынғы баспаналары апатты жағдайда деп танылып, үй кезегінде тұрған азаматтар мен әлеуметтік жағдайы қолдауды қажет ететін отбасыларына берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев: «Биылғы жыл ауыртпалдығымен келсе де, су жаңа үйлі болғандар үшін қуанышпен аяқталды деп ойлаймын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы, ырыс-несібелеріңіз молынан болсын. Санаулы сағаттардан соң басталатын жаңа жыл елімізге тыныштығын, береке-бірлігін ала келсін! - деп игі тілегін білдіріп, үй иелеріне кілт табыстады.

құр2

Үй құрылысына 42 миллион 600 мың теңге жұмсалды. Құрылысты жүзеге асырған "Ингострой" ЖШС.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале