4.01.2021, 11:11
Оқылды: 49

Бөкей ордасында үміткерлермен кездесу өтті

Еліміз үшін маңызды саяси кезең саналатын сайлаудың өтуіне санаулы күндер қалды. Тура бір апта уақыттан соң әр тұрғын өзі таңдаған партиясына және лайық деп таныған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығы мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткерлерге дауыс беретін болады.

орд1

Еліміз Жаңа жыл мерекесін тойлап болысымен «Nur Otan» партиясы атынан үміткер ретінде тіркелген кандидаттар өңіріміздің әр аудан-ауылдарын аралап, түрлі форматта ауыл-елдің тұрғындарымен кездесулер өткізуде.

Бүгін Бөкей ордасы ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исатай Ғабдуллин және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Елубай Насыров, Лариса Қайырғалиева «Канвассинг» шарасы аясында Сайқын ауылы тұрғындарының үйлеріне барып, кездесу өткізді.

орд2

Тұрғындарға аяқтай барып, жолыққан үміткерлер «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға жоспарлаған сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті.

Сонымен қатар, депутаттыққа кандидаттар «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, ауыл-аймақ игілігі үшін жасалатын істер турасында айтып өтті.

Шара соңында отбасы мүшелеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт парақшаларын таратып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға насихаттады.

 

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының

сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале