14.11.2018, 11:01
Оқылды: 52

Бөкей ордасында химия білгірі анықталды

Бөкей ордасы ауданында орта мектептің химия пәні мұғалімдері арасында «Химия турнир – 2018» аудандық байқауы өтті.

е-0235-1

Турнирдің алғашқы кезеңінде қатысушылар тест сұрақтарына жауап берсе, екінші кезеңде химиялық қоспалармен зерттеу жұмыстарын жүргізді.  Алғашқы «Үздік химик-теоретик» турында теориялық сұрақтарға жазбаша түрде, «Үздік химик-эрудитте» логикалық тапсырмаларға жауап берді. «Үздік химик-экспериментші» кезеңінде тәжірибелерді орындау арқылы  есептер шығарды.

Байқау қорытындысында бегалиевалық Альбина Мэлсова І, бабажановтық Лаура Ғұмарова мен бисендік Ақтолқын Ізтелеуова ІІ,  жәңгірхандық Надежда Қалдыбаева, жексенбаевтық Аягүл Боранбаева ІІІ орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды.

Айта кетелік, бабажановтық Лаура Ғұмарованың жұмысы барлық талапқа сай болғандықтан облыстық кезеңге жолдама алды.

е-0235-2

Айша ҚҰРМАШ,

Бөкей ордасы ауданы 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале