14.09.2018, 17:59
Оқылды: 53

Бөкей ордасында жаңа имам

Қасиетті жұма күні Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахманов Бөкей ордасындағы аудандық мұсылмандар мешітіне жиналған қауымға жаңа имамды таныстырды.

е-0194

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұловтың тапсырмасымен келген Мейрамбек Ақылбекұлы алдымен осы қызметте алты жылдай абыройлы қызмет етіп, асыл дінімізді ардақ тұтқан Назымбек Иманғалиевті жаңа қызметімен құттықтап, иығына шапан жапты. Ал аталмыш мешіттің бас имамы қызметіне Қуандық Насыровты тағайындады.

Қуандық Берікұлы 1986 жылы 12 ақпанда Жәнібек ауданы, Тау ауылында дүниеге келген. Орал қалалық медресесінің 2012 жылғы түлегі. 2013-2014 жылдары Орал қаласы «Тәжиден Батырұлы», 2014-2018 жылдары Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінде наиб имам қызметтерін атқарған.

Айта кетелік, Назымбек Иманғалиев Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітіне наиб имам болып кіріспек.

Айша ҚҰРМАШ,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале