25.01.2017, 12:45
Оқылды: 72

Бөкей ордасының бірнеше ауылына газ тартылмақ

Bokei Gaz tartilmak  Бөкей ордасының Кеңой (Ұялы ауылдық округі), Жәрмеңке (Сайқын), Қарасу (Орда) сынды мекендерде тұрғындар тура үстерінен өтіп тұрған су құбырын дұрыс пайдалана алмауда. Бірінде тасымал ісі, екіншісінде өзге жай тығырыққа тіреуде.


 Ауыл, аудан басшыларының есеп беру жиынындағы осы түйткілдің шешілетіні, ауданда «Ақбұлақ» бағдарламасының қайта жанданатыны айтылды. Бисеннен әуелі Бөрлі ауылына, қала берді Тайғара және Сейтәлі елді мекендеріне, Сайқыннан Шоңайға табиғи газ желісі тартылмақ.

  Шағын ауылдардағы денсаулық сақтау, білім, мәдениет ошақтарының бірқатарына биыл, қайсыбіріне келер жылы күрделі жөндеу жүргізу қарастырылуда. Өткен күзде Жәрмеңкедегі бастауыш мектеп ғимараты көгілдір отынға қосылса, биыл мұнда клубты қосу жоспарланған. Осындай жұмыстар Қарасуда да қолға алынбақ.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале