19.11.2018, 17:54
Оқылды: 45

Бөкей ордасының «Үздік оқырманы» анықталды

Бөкей ордасы колледжінің кітапханасында студенттер арасында «Үздік оқырман» атты байқау өтті.

г-1130

         Оқырмандар «Әр оқырман бір әлем» атты алғашқы айналымның шартына сәйкес өздерін таныстырды. «Мықты болсаң тауып көр»  кезеңінде  сұрақтарға жауап берсе, «Мақал-мәтел» кезеңінде мақалдар айтып жарысты. «Кейіпкерлермен сырласайық» байқауы да тартысты өтті. Студенттер жазушылардың шығармаларындағы кейіпкерлердің есімдерін, шығарма атауларын айтып берді. Ал соңғы «Менің сүйікті кітабым» кезеңінде өздерінің оқыған кітабы туралы әңгімелеп, жарнамалады.

         Байқау қорытындысында қазылар алқасы ЭЕМ операторы мамандығының үшінші курс студенті Айкөркем Мақашеваны жеңімпаз деп танып, облыстық айналымға жолдама берді. Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы машинист мамандығының 1-курсында оқитын Сағыныш  Жаннатов 2-орын алса, аспаз мамандығының 3-курс студенті  Аяужан Маратова үздік үштікті түйіндеді.

Рима ҚУАНШАЛИЕВА,

Бөкей ордасы колледжі кітапханашысы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале