13.04.2017, 18:03
Оқылды: 16

«Бөкейлік бабалар ісін дәріптеуден танбаймыз»

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» сынды ауқымды жобаны жасап, оны жүзеге асыруға шақырғаны Бөкей Ордасы аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерінің көңілінен шықты.

Осынау жаһандану заманында өткенімізді екшеп қана қоймай, тарихымызды, таратып айтсақ, жәдігерлеріміз бен қасиетті мекендерімізді танып әрі танытатын уақыт таялғандай. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні – Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру.

Тұтаса келгенде мұның бәрі халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды. Ақсақалдарымыздың басы қосыла қалғанда да құмды өлкеге орман отырғызып, қала тұрғызып, өркениет орнатқан бөкейлік бабалар ісін дәріптеуден танбаймыз.

Иә, әлем біздің елді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени құндылықтарымызбен де танығаны абзал.

Ерболат МҰРАТОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале