20.09.2017, 15:43
Оқылды: 20

Бөкейлік жастар жеңіске жетті

Орал қаласында өткен Батыс Қазақстан облысы жұмысшы жастарының ІІІ жазғы спартакиадасы ұйымдастырылған болатын.


Байрақты бәсекеде жастар жеңіл атлетика, үстел теннисі, волейбол, футбол, қол күресі сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Бұл додаға ауданымыздың жастары тұңғыш рет қатысқан болатын. Әйтсе де жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте 12 ауданның ішінен 4 орыннан көрінді.

Жекелей сындарда үстел теннисінен Б.Ғабдолла, қол күресінен (70кг дейін) Е.Қабылхан, қысқа қашықтыққа жүгіруден Р.Жоламановтар жүлделі орындардан көрінді.

А.ЕГІНҒАЛИЕВ

Сайқын ауылы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале