4.06.2019, 18:25
Оқылды: 53

Бөкейлік жастардың 28 жобасы қайтарымсыз қаржыға ие болды

Бөкейлік жастар ұсынған 28 жоба Дүниежүзілік банк ұсынған қайтарымсыз қаржыға  ие болды.

1538565438_3audan1

Тарқата айтсақ, Сайқыннан – 18, Хан ордасы мен Бисеннен – 3, Мұратсайдан – 2, Саралжын, Ұялыдан – 1. Жобадан өткен жастарымыздың дені мал, жылыжай шаруашылығы, құс фермасы, кілем жуу, шаштараз, массаж, әлеуметтік дүкен, сән салоны секілді кәсіппен айналыспақ. Сондай-ақ жобадан өткендердің басы-қасында жүріп, бағыт-бағдар беретін жетекшілерден Исатай Құрмашев пен Саян Баетов те грант иегері атанған. Грант ұтып алған жобалардың көшбасшылары осы жылдың 7 маусымына дейін келісім-шарт жасап, талапқа сай ережелерін орындайды. Топ басшыларына арнайы семинар-кеңестер өткізілетін болады. Айта кетелік, облыс бойынша Бөкей ордасы ауданы екінші орыннан көрінді.

Естеріңізге сала кетсек, жастар жылына орай Дүниежүзілік банк «Zhas Project» жобасымен бір миллион теңгелік қайтарымсыз қаржы ұсынған болатын. 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында әлеуметтік жобалар іріктеуден өтті. Аудан жастары 58 жоба ұсынған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, соның 28-і мақұлданды.

Айша Құрмаш,

Бөкей ордасы ауданы,

                                                                                                  zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале