24.07.2018, 16:13
Оқылды: 38

Бөкейордада қысқы мал азығы жетіспеу қаупі зор  

 

DSC_0594Бөкей ордасы ауданында биылғы жылғы ауа райының қиындықтарына қарамастан, мал азығын дайындау жұмыстары тиісті деңгейде жүріп жатыр. Бірақ қысқы мал азығы жетіспеушілігі қаупі бар. Бұл туралы аталмыш аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов журналистермен өткен брифингте айтты.


 

Оның айтуынша, биыл аудандағы мал санына байланысты 134 мың тонна шөп дайындау жоспарланған. Қазіргі уақытта 32 мың тонна шабылған және мұның сыртында былтырғы жылдан қалған сегіз мың тонна мал азығының қоры бар.

-Аудан аумағына жаңбыр төрт-бес күн бұрын бастап жауды. Одан бұрын жауын-шашын болған жоқ. Шабындық жердің жартысына жуығы полигон аумағына кіреді. Онда оқу-жаттығулар жүріп жатыр. Солай болғанымен полигон басшылығына жолығып, шаруашылықтарға мал азығын дайындап алуға мүмкіндік берудеміз. Аудандағы шөп қоры мол қожалықтармен, көршілес аудандармен шөп шабу жөнінде келісімдер жасалуда. Күзде біздің жақтағылар жусан шабады. Жаңбырдан кейін ол тұщыланады. Соған үміт артудамыз. Жасыратыны жоқ, округтер бойынша жасаған есеп-қисабымыз бойынша қысқы мал азығы жетіспеушілігі қаупі зор, - деді аудан әкімі.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале