25.10.2017, 11:13
Оқылды: 25

Бөкейордалық 5 кәсіпкер Германияға жолдама алды

 

Janibek kasipkerlikti damituБөкей Ордасы аудандық кәсіпкерлер палатасы директоры Бибігүл Жұмағұлованың есебі тыңдалды. Оған облыстық кәсіпкерлер палатасы директоры Серік Қайыршин мен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсінік жұмыстары бойынша басқармасы басшысы Жанғабыл Сағынов қатысты.

Атқарылған істер туралы баяндаған Бибігүл Мұқасқызы жеке қосалқы шаруашылықты дамытуда түрлі кедергілерге тап болып жатқандығын мәлімдеп, нәтижесінде осы бағытта жұмыстануға ниет еткен 102 өтініштің тек 52 пайызы ғана жүзеге асып отырғандығына қынжылыс білдірді. Әрі оны шешудің кей жолдарын да ұсынды.

Оның сыртында облысымыздан ұсынылған «Бизнес аймақ» жобасы қолдау тапса, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге, не жаңа бастап жатқандарға несие алу жеңілірек болатынын мәлімдеді. Қойылған сұрақтарға да толымды жауап қайтарды. Реті келген соң айта кетелік, осы жиында жеке кәсіпкерлер Қуаныш Шәріпқалиев, Назымгүл Оразгелдиева, Мейірбек Бұхаров, Архат Сәлімов және Ақжүніс Нұрланова тәжірибе алмасуға Германияға тегін жолдама алды.

Жиынды қорытындылаған Нұрлан Сағынтайұлы еліміздің дамуына, соның ішінде кәсіпкерліктің өрлеуіне қамқор болу мемлекетік қызметкердің міндеті екендігін тілге тиек етіп, кәсіпкерлік арқылы жұмыссыздар саны азайып, халықтың әл аухаты көтерілетінін айтты.

Раушан БАҚЫТОВА

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале