3.04.2017, 12:35
Оқылды: 21

Бөкейордалық домбырашы жеңімпаз атанды

Атырау қаласында республикалық «Мәңгілік ел - Қазақстаным!»  оқушылар мен жасөспірімдер фестивалі өтті. Жас таланттар бақ сынаған сайыстан ордалық өнерпаз жүлдемен оралды.

М-С.Бабажанов атындағы мектептің оқушысы Ерасыл Исмақ (жетекшісі С.Әжіғалиева) «Домбыра» жанры бойынша өнер көрсетті. Бұған дейін де талай өнер додаларының жүлдегері атанып жүрген Ерасыл «Мәңгілік ел - Қазақстаным» фестивалінен бірінші орынды иеленді. Жерлестерінің сенімін ақтаған ол «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, жас талант қаңтар айында өткен  «Ақ көгершін»  байқауында  да топ жарып, жеңімпаз атанған болатын.

Бөкейордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале