7.11.2017, 11:31
Оқылды: 22

Бөкейордалық фотограф үздік атанды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас журналистер мен блогерлер арасында облыстық байқау өтті. Шараны облыстық  ішкі саясат басқармасы мен «Болашақ» корпорациялық қоры ұйымдастырды.

Оған қатысушылар еліміз бен аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жайларды әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда кеңінен насихаттауы қажет болатын. Міне, осы талап биігінен көрінген Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешенінің қызметкері, ханордалық Мират Қоржынбаев үздік фотокорреспондент атанды.

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың өз қолынан Диплом мен бағалы сыйлыққа ие болған жерлесімізді жеткен жетістігімен құттықтай отырып, алар асуың асқақтай берсін дейміз.

«Орда жұлдызы» редакциясы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале