11.10.2018, 15:01
Оқылды: 63

Бөкейордалық спортшылар республикалық турнирге жолдама алды

Орал қаласында ең көне спорт түрлерінің бірі қазақ күресінен 1998-2000 жылғы жастар, 2001-2004 жылғы жасөспірімдер арасында «Жас Барыс» облыстық іріктеу турнирі өтті.

е-0217

Турнирге Жәнібек, Қазталовка, Жаңақала, Бөрлі, Сырым, Ақжайық, Тасқала, Зеленов, Шыңғырлау, Орал қаласы және Бөкей ордасы ауданының балалар жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысып, күштерін сынады. Облыстық турнирді Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева ашып, қатысушыларға жеңіс тіледі.

Айта кетелік, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Е.Байбатыров, КСРО спорт шебері және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Ж.Жәрдемов қатысты. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде Жәңгір Ескендіров (2003-2004 ж.ж. бапкері Т.Жұмағазиев) ІІ орын иеленсе, Баймырза Меңдешев (1998-2000 ж.ж. бапкері Н.Ғазезов) өздері сынға түскен салмақ дәрежесінде озық шығып, чемпион атанды. Сондай-ақ, қараша айының 22-27 күндері аралығында Щучинск қаласында өтетін республикалық «Жас Барыс» іріктеу турниріне жолдама алды.

Қайрат ӘБДІРЕШЕВ,

БЖСМ оқу ісі меңгерушісі

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале