20.09.2018, 15:15
Оқылды: 20

Бөкейордалықтар ауылдастарын қиын жағдайда қалдырмады

Шілде айында Хан ордасы ауылдық округіне қарасты Үштерек елді мекенінің тұрғындары Асылбек Зайноллин мен Алтынай Құрмашеваның үйі толықтай өртеніп кеткен болатын. Көп балалы отбасының жағдайы жергілікті басшылар мен аудан тұрғындарын бей-жай қалдырмады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қайырымды, қолық ашық жандар осы күнге дейін қаржылай немесе материалдық көмек көрсетіп, қолдау білдірді. Сондай-ақ, жаңа оқу жылының қарсаңында тілсіз жаудан зардап шеккен отбасының мектеп жасындағы ұл-қыздарын мектеп киімдерімен де қамтамасыз етті. Бүгінігі күні бұл отбасына Орда ауылдық округі тұрғындары өз ауылынан тұрғын үй алып берді. Үйдің іші қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, құжаттары рәсімделді.

Жанар ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

ішкі саясат бөлімінің қызметкері,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале