2.11.2017, 10:19
Оқылды: 51

Бөкейордасына ауыз су келді

Screenshot_2017-11-03-06-47-07-1Облыс орталығынан 600 шақырымға жуық шалғайда жатқан Бөкейордасы ауданының Бөрлі ауылына таза ауыз су келді.


Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы 6 айдың ішінде 22,4 шақырым су құбыры жүргізіліп, үй-үйге жеткізілді. Бұл мақсатта республикалық және облыстық бюджеттен 214 млн.683 мың теңгеден астам қаржы қарастырылған болатын. Сондай-ақ жыл соңына дейін ауданның тағы 2 елді мекені таза сумен қамтылмақ. Атап айтсақ, Сайқын ауылында 48 шақырымға жуық су құбырын жүргізу жоспарланса, қазірдің өзінде 40 шақырымы аяқталып, 937 ауланың 530-ына су құбыры тартылған. Ал Көктерек және Жамбыл елді мекендеріне биылғы жылдың қараша айында таза ауыз су келеді деп күтілуде. Қазір 20 шақырымнан астам құбыр тартылып, монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек Бөкейордасы ауданының Шоңай, Жармеңке, Тайғара, Әжен, Қарасу, Үштерек және Кеңой ауылдарында да су құбырының құрылысы нысандары бойынша инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер және ЖСҚ дайындау жұмыстары жүзеге асуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале