18.03.2017, 12:19
Оқылды: 65

Ордада тұңғыш рет робототехникадан чемпионат өтті

Робототехника мен білім саласының қоғамдастығын біріктіру және дамыту, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру  мақсатында аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының (АБТШО) ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы орта мектеп базасында тұңғыш рет робототехникадан «KazRoboSport – 2017» аудандық чемпионаты өтті.


Онда Б.Жәнекешев, М-С.Бабажанов, М.Мәметова, Жәңгір хан атындағы орта мектеп оқушылары мен АБТШО үйірмешілері жұмыстары сарапқа салынды. Чемпионаттың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Л.Т.Қайырғалиева құттықтау сөз сөйлеп, талапкерлерге сәттілік тіледі.

Қазылар алқасының шешімімен «Сумо» сайысы бойынша І дәрежелі диплом Тәуке Пайзов, Аслан Қажыболатов (М.Мәметова атындағы орта мектептен, жетекшісі Ж.Омаров), «Траектория» сайысы  бойынша І дәрежелі диплом Мерұлан Ғайниев, Жандос Сәрсенбаев (АБТШО, Ә.Махимов), «Кегельринг» сайысы бойынша І дәрежелі Мақсат Әбдіғалиев, Дастан Сатуов (АБТШО, Ә.Махимов), ІІ дәрежелі Азамат Зұлқарнаев, Диас Темірболатов (Жәңгір хан, Х.Хасенғалиев), ІІІ дәрежелі Досымжан Сұлтанов, Ұлан Жадыраев (М.Мәметова, Ж.Омаров), белсене қатысқаны үшін Ернұр Есімов, Гүлсезім Шайдукова (М-С.Бабажанов, С.Омарова) дипломдарымен марапатталды.

Жеңімпаздарға шеберліктеріңді шыңдап, жетістіктерге жете беріңіздер дейміз.

            Мереке МАХИМОВ,

    АБТШО директоры                             

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале