15.11.2017, 14:48
Оқылды: 24

«Болашақ» түлектері аудан жастарымен кездесті

DSC_0119Қаратөбе ауданында БҚО жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жас қанат» ЖҚБ-нің ұйымдастырумен «Болашақ» түлектері аудан жастарымен кездесті.

Кездесуде сөз алған «Ақ ниет» гимназиясының математика пәнінің мұғалімі, «Болашақ» шәкіртақысының иегері Нұрлыгүл Болатқызы:

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындап, қазақстандық студенттердің шет елдердің жоғарғы оқу орындарына оқуға жолдама алды. Осы бастама арқасында еліміздегі жалынды жастар жоғары әрі сапалы білім алып, тәжірибелерін кеңейтуге мүмкіндік алды, - деді.

Кездесу барысында аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы Мұхтар Мерекеұлы «Болашақ» халықаралық стипендиясы турасында өзіндік ойын ортаға салып, жеткен жетістіктерімен бөлісті. Кездесу соңында аудан жастары «Болашақ» түлектеріне сауалдар жолдап, тұшымды жауап алды.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале