27.07.2017, 14:43
Оқылды: 28

«Болашаққа салым саламыз!» акциясы басталды

Қазталов ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ - бақытты отбасы» жобасы аясында «Болашаққа қаржы саламыз!» атты акциясы басталды.


Акция барысында жеке кәсіпкерлер Нұрлыбек Хайруллин мен Рамиля Сұпығалиева өз қаражаттары есебінен мектеп оқушысы Аяжан Ұзақбаеваға есеп-шот ашуға көмек көрсетсе, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айжан Жағыпарова лебіздерін білдіре отырып, естелік сыйлықтар табыс етті.

Айта кету керек, бұған дейін ауданымызда бастауыш партия ұйымдарының қолдауымен 17 балаға осындай есепшоттар ашылған болатын. «Болашаққа қаржы саламыз!» акциясын кез-келген ниет білдіруші қолдай алады.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале