20.02.2019, 11:49
Оқылды: 18

Боранда көлігі бұзылған жолаушылар құтқарылды

Кешегі боранда Самара-Шымкент тас жолының 510 шақырымында Алматы облысының Қарасай ауданынан шығып Ресейдің Самара қаласына бет алған «Opel Vectra» маркалы жеңіл автокөлік бұзылып қалған.  Көліктің ішінде екі жолаушы болған деп хабарлайды Сырым аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ерген Тасқалиев.

қарБұзылған көлік 19 ақпан күні таңмен таңмен Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Азаматтық қорғау қызметінің аудандағы өкілдері Мирас Нариманов, Қанат Ғалиев және Сағадат Әнестің шұғыл әрекет етуінің арқасында күн аяғына дейін жолаушылардың көлігі те жөнделген. Алматылықтар кешке жақын Орал қаласына қарай аттанды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале